10 қазан 2024
/ Мир
Усама бен Ладеннің ұлы Франциядан депортацияланды
Франция үкіметі «Әл-Қаида» халықаралық лаңкестік ұйымының бұрынғы жетекшісі Усама бен Ладеннің ұлы Омарға елге кіруге ресми түрде тыйым салды. Бұл туралы Францияның ішкі істер министрі Брюно Ретайо X-тегі парақшасында хабарлады. Министрдің айтуынша, Омар бен Ладен бірнеше жылдан бері Францияның солтүстігіндегі Орн департаментінде әйелімен (британ азаматы) бірге тұрған. Алайда француз үкіметі былтыр әлеуметтік желіде терроризмді насихаттайтын пікірлерін жариялаған соң оны республикадан шығару туралы шешім қабылдауды талап еткен. Сот бұл өтінішті заңды деп тапқаннан кейін үкімет Омардың Франциядан кетуін қамтамасыз етті.