Әзірбайжанда жаңа президенттік мерзімге Ильхам Әлиев ұсынылды
Әзірбайжанда жаңа президенттік мерзімге Ильхам Әлиев ұсынылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ильхам Әлиев елді 20 жыл басқарып келеді.
Жаңа Әзірбайжан партиясының басқармасы елдің қазіргі президентін 2024 жылдың 7 ақпанында өтетін сайлауға кандидат ретінде ұсынды.
Әлиев мерзімінің аяқталуына бір жыл қалғанда мерзімінен бұрын сайлау тағайындалғанын желтоқсанның басында жариялады.
Әзірбайжан президенті 7 жыл мерзімге сайланады.
Бұл Әзірбайжанды 2003 жылдан бері басқарып келе жатқан Ильхам Әлиев қатысатын бесінші президент сайлауы болмақ.
Бақылаушылардың пайымдауынша, ол даулы Таулы Қарабақ аймағын Бакудің бақылауына қайтарғаннан кейін өзінің жоғары рейтингін пайдалануды көздеп отыр.
Мемлекеттік әлеуметтік сауалнама институтының мәліметі бойынша, азаматтардың 75 пайызға жуығы Әлиевтің Армениямен қақтығыстағы саясатын қолдайды.