Әзірбайжандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді
Бүгін әзірбайжандық сейсмологтар Каспийде магнитудасы 3,9 балл болатын жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 39,40 солтүстік ендікте және 51,77 шығыс бойлықта жатыр. Жерасты дүмпулері Баку уақытымен 16-53 аралығында тіркелді.
Айта кетейік, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл нөмірлеріне осы жағдай бойынша қоңыраулар түскен жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: