Баку БРИКС мүшесі болу үшін ресми түрде өтініш берді
Фото: Trend
Trend
Әлем21 тамыз 2024, 9:00

Баку БРИКС мүшесі болу үшін ресми түрде өтініш берді

Әзірбайжан ресми түрде БРИКС-ке қосылуға өтініш берді. «Әзірбайжан ресми түрде БРИКС-ке қосылуға өтініш берді», - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айхан Гаджизаде. Бұған дейін 18 тамызда Мәскеудегі Әзірбайжан елшісі Полад Бюльбюль оглы елдің ұйымға кіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

БРИКС – Ресей Федерациясы, Бразилия, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы кіретін мемлекеттердің бейресми тобы.

19 тамызда Бакуде Владимир Путин мен Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің келіссөздері өтіп, оның қорытындысы бойынша көшбасшылар бірқатар мемлекетаралық құжатқа қол қойғанын жазған едік.

баку БРИКС мүшесі өтініш

Тақырыпқа жаңалықтар