Placeholder
ФОТО: ASTRA/ Telegram
ASTRA/ Telegram
Әлем24 қыркүйек 2024, 17:34

БАҚ: Ресейде жасөспірімдер Ми-8 тікұшағын өртеп жіберді

Ресей Федерациясында жасөспірімдер Ми-8 тікұшағын өртеп жіберді. 21 қыркүйекте 16 жастағы екі мектеп оқушысы Омбыдағы авиабазаға кіріп, тікұшаққа «Молотов коктейлі» лақтырып, оқиға орнынан қашып кетті, деп жазады кремлшіл Telegram арналары, - деп хабарлайды Arbat.media. Кейінірек жасөспірімдер ұсталды.

Baza жасөспірімдер тікұшақты өртеу тапсырмасын Telegram арқылы алғанын және олардың жұмысы үшін 20 мың доллар уәде еткенін жазған.

SHOT бұл тапсырманы «украиндық кураторлардан» алғанын айтады.

Ресей жасөспірімдер Ми-8 тікұшағы Өртеу

Тақырыпқа жаңалықтар