Бразилияның Жоғарғы соты жанында жарылыс болды
Фото: metropoles.com
metropoles.com
Әлем14 қараша 2024, 11:34

Бразилияның Жоғарғы соты жанында жарылыс болды

Сәрсенбі күні Бразилия орталығындағы Жоғарғы сот ғимаратының жанында жарылыс болды. Сот қызметкерлері эвакуацияланып, оның алдындағы алаңнан ер адамның мәйіті табылды. Бірінші жарылыс сот ғимаратына іргелес тұрған автотұрақтағы көліктің жүксалғышында болды, ал 20 секундтан кейін екінші жарылыс естілді. Ғимарат алдындағы алаңнан ер адамның мәйіті табылды. Билік өкілдерінің айтуынша, ол Жоғарғы сотқа кіруге әрекеттенген, - деп хабарлайды Arbat.media.

- Бұл азамат Федералды Жоғарғы сот ғимаратына кіруге әрекет жасады, бірақ кіре алмады және кіре берісте жарылыс болды, - деді Бразилия губернаторы Селина Леао журналистерге, деп жазады BBC.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм алғашқы жарылысты да көлік тұрағында іске қосқан.

Елдің бас прокуроры Хорхе Мессиас шабуылды айыптап, билік оқиғаны өз бақылауына алатынына уәде берді.

- Мен Жоғарғы Сотқа жасалған шабуылдарды қатаң айыптаймын, - деп жазды ол "X" әлеуметтік желісінде. - Біз бұл шабуылдардың артында кім тұрғанын біліп, бейбітшілік пен қауіпсіздікті мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруіміз керек.

Жоғарғы сот ел астанасының орталығындағы Ұлттық конгресс пен Бразилия президентінің жұмыс резиденциясы Планалто сарайының жанында орналасқан.

G1 порталының хабарлауынша, оқиға болған кезде парламент ғимаратында депутаттар палатасы мен сенаттың жалпы отырысы өтіп жатқан.

Президент Луис Инасио Лула да Силва жарылысқа дейін кеңсесін тастап, кешке жақын жерде орналасқан өзінің ресми резиденциясы Альворада сарайында болды.

 

Бразилия Жоғарғы сот Жарылыс

Тақырыпқа жаңалықтар