Әлем•Бүгін, 17:25

Тбилисидегі жарылыстан алты адам қаза тапты

Тбилисиде бес қабатты тұрғын үйде газ жарылып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олардың арасында екі бала бар. Грузия үкіметі қаза тапқандарды еске алу үшін 22 қарашаны ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды

Жарылыс 19 қараша күні таңертең Тбилисидің шетіндегі Квемо-Поничала ауданында болды. Грузия Ішкі істер министрлігінің алдын ала мәліметінше, бесінші қабаттағы пәтердің газ жылытқышы істен шығып, үй ішіне газ жиналған. Жарылыстан ғимараттың бір бөлігі опырылды.

Құтқарушылар үйінді астынан үш жасар қызды аман алып шықты. Жарылыстан зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді. Олардың бірінің жағдайы ауыр.

Грузияның Ішкі істер министрлігі жарылысқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Аза тұту күні ел аумағында мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.

Тбилиси Грузия Жарылыс ғимарат

Тақырыпқа жаңалықтар