Тоқаев: Біздің мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру

Президент III Стратегиялық серіктестер форумында білім саласындағы басты жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды Arbat.Media.

11 мемлекеттің жетекші университеттерінің филиалдары ашылды (онда 12 мыңнан астам студент оқиды);

Қазақстан дипломдары енді Батыс пен Шығыста мойындалады (Лиссабон және Токио конвенцияларына қосылу нәтижесінде);

Шетелдік студенттер саны 41 мыңға жетіп, тәуелсіздік жылдарындағы рекорд жаңарды;

2029 жылға қарай елімізде оқитын шетелдік жастардың санын 100 мыңға жеткізу көзделіп отыр;

18 университет биылғы QS World University Rankings тізіміне енді;

10 жоғары оқу орны 2027 жылғы Times Higher Education рейтингіне қосылды.

Президент форум білім саласы жаңалық

Тақырыпқа жаңалықтар