Әлем12 ақпан 2024, 18:00

Британ барлауы: Ресейде соғысқа байланысты мыңдаған дәрігерлер жетіспейді

Британ барлауының мәліметінше, Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін дәрігерлер елден кетпеу туралы ескертілген, алайда бұл талапқа қарамастан медицина қызметкерлерінің 2%-ға жуығы Ресей Федерациясынан кетіп қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясы майдандағы жаралыларды емдеу үшін үш мыңға дейін медицина қызметкерлерін жұмылдырды, деп хабарлайды Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі.

Ведомство мысал ретінде Ресей денсаулық сақтау министрлігінің қарашадағы есебін келтіреді, оған сәйкес ел бойынша шамамен 26 500 дәрігер мен 58 200 басқа медицина қызметкері жетіспейді.

22 аймақта дәрігерлердің жетіспеушілігі айтарлықтай, ал тағы жетеуінде қатты тапшы деп бағаланып отыр, деп жазады британдық барлау.

Оның айтуынша, 2024 жылы бұл жағдайдың жақсаруы екіталай.

Британ барлауы Ресей дәрігерлер жетіспеушілік

Тақырыпқа жаңалықтар