БҰҰ: Ресейдегі украин әскери тұтқындар жүйелі түрде азапталады
БҰҰ мәліметінше, Ресей Федерациясындағы украиналық әскери тұтқындар жүйелі түрде азапталады. Украинадағы оқиғаларды зерттеп жатқан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі комиссиясының баяндамасында айтылғандай, ресейлік тұтқында болған украиналық сарбаздар тұрақты түрде аяусыз соққыға жығылып, электр тоғымен, атап айтқанда жыныс мүшесіне зақым келтіріп азапталады. Баяндама авторлары бұны «сұмдық» деп атап, оның жүйелі әрі кең таралғанын айтады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW жариялады.
Құжатта тұтқынның құйрық сүйегі, жақ сүйегі және тістері сынған оқиға сипатталған. Бостандыққа шыққаннан кейін ол адамға 36 ота жасалды.
Басқа тұтқындар, БҰҰ мәліметі бойынша, аштықтан зардап шегіп, құрт, сабын, қағаз және иттің тағамын жеуге мәжбүр болған.
Украинадағы құқық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі тәуелсіз халықаралық комиссия ресейлік әскерилер мен түрме басшыларының азаптауын әскери қылмыстың қатарына жатқызады.