ДДСҰ: Африкадан тыс жерде — Швецияда маймыл шешегі тіркелді
ФОТО: Reuters
Reuters
Әлем16 тамыз 2024, 9:00

ДДСҰ: Африкадан тыс жерде — Швецияда маймыл шешегі тіркелді

Африкадан тыс жерде — Швецияда маймыл шешегі тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Швециядағы науқастың жұқпалы ауруы mpox вирусынан туындағанын растады. Стокгольм науқастың Африкада пайда болған Clade Ib вирусының жаңа штаммын жұқтырғанын атап өтті. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, емделуде. Басқа елдер mpox вирусының (бұрынғы маймыл шешегі деп аталатын) анықталғаны туралы әлі хабарлаған жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бір күн бұрын, 14 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкада вирустың таралуына қатысты ең жоғары ескерту деңгейін жариялап, індетті «халықаралық алаңдаушылық тудыратын денсаулық сақтау төтенше жағдай» деп атады.

Mpox вирусы адамға ауру жануарлардан беріледі, бірақ адамнан адамға физикалық байланыс арқылы да берілуі мүмкін.

Инфекцияның белгілеріне безгегі, бұлшықет ауыруы және іріңді безеулер мен көпіршіктер бар тері бөртпесі жатады.

ДДСҰ Швеция маймыл шешегі Clade Ib

Тақырыпқа жаңалықтар