Әлем5 қаңтар 2024, 14:00

Дональд Трамп праймеризге рұқсат бермегені үшін сотқа шағымданды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 3 қаңтарда АҚШ Жоғарғы сотына Колорадодағы праймеризде өз есімін бюллетеньде қалдыру туралы ресми өтінішпен аппеляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Осылайша, Трамп 2023 жылғы 19 желтоқсандағы Колорадо Жоғарғы сотының оны 2024 жылдың 5 наурызына белгіленген осы штаттағы Республикалық партияның бастапқы сайлауынан шеттету туралы шешіміне шағымданды.

«Колорадо Жоғарғы сотының шешімі Колорадо штатындағы миллиондаған сайлаушыларды конституциялық емес түрде сайлау құқығынан айырады және бүкіл ел бойынша ондаған миллион сайлаушыларды сайлау құқығынан айыру үлгісі ретінде пайдаланылуы мүмкін», - деді Трамптың адвокаттары апелляциялық шағымда.

трамп Сотқа шағым праймериз сайлау

Тақырыпқа жаңалықтар