Placeholder
Фото: picture alliance / Photoshot
picture alliance
Әлем18 тамыз 2024, 11:58

DW: Қазақстандағы мәжбүрлі жезөкшелік: бұл қалай мүмкін болды?

Қазақстанда жасөспірім қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу: бұл қалай мүмкін болды? Қазақстандағы Қызылорда қаласында бірнеше мектеп оқушысы сыныптас қызды 8 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Олар оның телефонын тартып алып, жезөкшелер сайтына тіркеген. Қыз алғашқыда түнде ғана "жұмысқа" шықса, кейіннен бұл әрекетке күні-түні, үзіліссіз мәжбүрлеген, - дейді қыздың анасы баспасөз мәслихатында, өзін әйелдер мен бала құқықтарын қорғау"Не молчи" қоры қорғауына алған соң, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы немістің DW жариялады.

16 жастағы оқушы қыздың анасы да шындықты қалай іздегені жайлы айтып берді.

Қызымен болған сұмдықты танымал блогерден білген. Қызы ол блогерден  қарызға ақша алмақ болған екен.

Қызының екі сыныптас қызы мен бір сыныптас ұл оны ұрып-соғып, қорқытып, тіпті азаптап, сауналар мен қонақүйлерде жезөкшелікпен айналысуға және тапқан ақшасын беруге мәжбүрлегені туралы айтқан әңгімесін мектепте де, полицияда да қабылдамаған.

Олар қыздың досында түнеп жүргенін, ал егер ата-анасы арыз жазса, арнайы мектеп-интернатқа жіберілетінін айтқан.

Бұл оқиға көпшілікке мәлім болған соң іс жаңаша өрбіді – қыздың анасын Қызылорда ІІМ басшысы шақыртты.

Ол «Үнсіз қалма» қорының басып алынғанын, оның жетекшісі Дина Таңсаридің тергеуде екенін айтқан.

«Бұл жерде бәрін өзіміз ғана шешеміз», - деді ІІМ басшысы және тергеушіге қыздың анасына қатысты қылмыстық іс қозғауды тапсырған.

Жеке өмірге қол сұғу, алаяқтық және қасақана жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған «Үнсіз қалма» ұйымының жетекшісі Дина Таңсари бұл жағдайға қатысты былай деп түсіндірді: 

«Оқушылар арасындағы қылмысты жасыруға көбіне мектеп басшылары бірінші болып әрекет жасайды. Бұл ретте «Үнсіз қалма» қорында балалардың балаларды зорлауына қатысты ашылмаған ондаған фактілер бар. Маңызды фактор - зорлық-зомбылық әрекеттерінің құрбандарын ашық мойындауды айыптайтын Қазақстанда кең таралған - «ұят» мәдениеті. «Ұят» қағидасы зорлық-зомбылыққа құрбанның өзі кінәлі етіп көрсетеді».

Қызылорда жезөкшелікке мәжбүрлеу Не Молчи жасөспірім қыз

Тақырыпқа жаңалықтар