Әлем20 қараша 2023, 20:49

Джо Байден 81 жасқа толды

Америка президенті Джо Байден 81 жасқа толған туған күнін Ақ үйдің дәстүріне сай атап өтуде, бүгін Алғыс айту күні құрметіне күркетауықтарға рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Associated Press жариялады. 

Дүйсенбі күні Алғыс айту күніне орай Ақ үйге екі күркетауық жеткізілді. Онда Д.Байден құстарды бұл мерекеде әлдекімнің кешкі асына айналу тағдырынан «құтқарды».

Фото: АР/Жаклин Мартин

Күркетауықты "өлімнен құтқару" дәстүрі елде 1947 жылы бастау алған. Ол кезде Ұлттық күркетауық федерациясы АҚШ президенті Гарри Трумэнге Алғыс айту күніне орай алғаш рет күркетауықты сыйға тартқан. 

Күркетауық Алғыс айту күнінде отбасылық кешкі астың басты тағамы саналып келді. Алайда 1980 жылдың соңына қарай бұл дәстүр әзілді рәсімге айналды. Оның барысында күркетауыққа аталған мереке құрметіне «кешірім» беріліп, өмір сүруге екінші мүмкіндік беріледі.

Джо Байден – АҚШ тарихындағы ең кәрі президент. Ол бүгін 81 жасқа толған туған күнін атап өтуде. 36 жыл бойы АҚШ сенатында Делавэр штатынан өкіл болды. Одан кейін – 2009-2017 жылдар аралығында (Барак Обама әкімшілігінде) 47-ші вице-президент қызметін атқарды. 2021 жылдың 20 қаңтарынан Американың іс басындағы басшысы.

 

Джо Байден 81 жас туған күн АҚШ

Тақырыпқа жаңалықтар