ӘлемБүгін, 14:12

Эбола індетінен көз жұмғандар саны 360-қа жетті

Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен көз жұмғандар саны 360-қа жетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мұндай мәліметті елдің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институты жариялады. Қазіргі уақытта елде 1274 адамнан вирус анықталған.

Ауру ең көп таралған аймақ – Итури провинциясы. Билік індет ошағында санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды күшейтті.

Соған қарамастан мамандар аурудың одан әрі таралу қаупі сақталып отырғанын ескертеді.

індет Қылмыс Адам мәйіт

Тақырыпқа жаңалықтар