Екібастұзда теміржол қызметкерін жүк вагоны басып кетті

Қайғылы оқиға 10 қарашада Екібастұз қаласындағы теміржол станциясында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Көліктегі полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігінің қозғалыс немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Желіде тараған ақпарат бойынша қайтыс болған адам теміржол станциясында қозғалыс жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істеген.

Қайғылы оқиға полиция Теміржол станциясы

Тақырыпқа жаңалықтар