Placeholder
Фото: Aleksander Kalka/ZUMA Wire/picture alliance
picture alliance
Әлем19 қыркүйек 2024, 18:00

ЕО Грузияны «ЛГБТ насихатына» тыйым салатын заңнан бас тартуға шақырды

ЕО Грузияны «ЛГБТ насихатына» тыйым салатын заңнан бас тартуға шақырды. «ЛГБТ насихатына» тыйым салатын «отбасылық құндылықтар және кәмелетке толмағандарды қорғау» туралы жаңа заңды еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель «адамдардың негізгі құқықтарын бұзу» және «кемсіту мен стигматизацияны күшейту» деп атады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, заң Тбилисиді Еуропалық Одаққа кіру жолынан «кері қарай жетелейді». Боррель Грузияны заңды қайтаруға шақырды.

Айта кетсек, 17 қыркүйекте Грузия парламенті «отбасылық құндылықтар» туралы заң жобасын соңғы оқылымда қабылдаған.

Құжаттар жынысын ауыстыру операцияларына, бір жынысты одақтарға және некенің баламалы нысандарына, сондай-ақ гетеросексуалды емес адамдардың бала асырап алуына және білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және қоғамдық кеңістікте «ЛГБТ насихатына» тыйым салды.

ЕО Грузия заңды қайтару ЛГБТ насихаты

Тақырыпқа жаңалықтар