Әлем30 мамыр 2024, 17:12

ЕО миллиардер Фархат Ахмедовке салынған санкцияларды алып тастады

Еуроодақ соты газ миллиардері Фархат Ахмедовке салынған санкцияларды алып тастады. Осылайша, Еуроодақ Кеңесінің Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруіне байланысты Ахмедовке қарсы санкция салу туралы шешімі жойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар, сот санкцияларды 2023 жылдың 13 наурызына дейін ұзарту туралы Кеңестің бұрынғы шешімдерінің күшін жойды.

Ресей мен Әзірбайжан азаматы Фархат Ахмедов 2022 жылдың сәуірінде Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттері үшін ЕО санкция тізіміне қосылды.

«Ахмедов Кремльге жақын және Ресей Федерациясының үкіметіне қомақты кіріс әкелетін экономика секторларына қатысатын жетекші бизнесмен», - делінген Еуропалық Одақтың сол кездегі ресми журналында.

Сотта Ахмедов өзін санкциялық тізімге енгізу себептерін жалған және ескірген деп атады.

Ол 2012 жылы Northgas акцияларын сатқанын және оның портфелінде ресейлік компаниялардың акцияларына иелік етпейтінін мәлімдеді.

Фархат Ахмедов ЕО санкуиялар алынды

Тақырыпқа жаңалықтар