Енді автомектептердің жұмысын Ішкі істер министрлігі бақылайды

Жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтарды оқытатын орталықтар да осы ведомствоның рұқсатымен жұмыс істейді. Үкімет Қаулысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Министрлік автомектептерге қойылатын талаптарды бекітіп, қай оқу орталығының жұмыс істеуге құқығы бар екенін анықтайды. Сондай-ақ жүргізушілерден емтихан алу, куәлік беру және көлік жүргізу құқығынан айыру немесе оны қайта қалпына келтіру тәртібін де құзырлы орган белгілейді.

жүргізуші куәлік автомектеп емтихан

Тақырыпқа жаңалықтар