Placeholder
Al Hudaverdi Yaman/AA/picture
Al Hudaverdi Yaman
Әлем12 қыркүйек 2024, 16:00

Ердоған Қырымды Украинаға қайтаруды жақтады

Ердоған Қырымды Украинаға қайтаруды жақтады.  Анкара Украинаның аумақтық тұтастығын, егемендігі мен тәуелсіздігін қолдайды, деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 11 қыркүйекте Киевте басталған 4-ші Қырым платформасы саммитіне қатысушыларға арнаған бейне үндеуінде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол Түркияның «соғысты әділ және тұрақты бейбітшілікпен аяқтауды шын жүректен қалайтынын» және Қырымның Украинаға қайтарылуы халықаралық құқықтың талабы екенін атап өтті, деп хабарлайды Түркия Anadolu агенттігі.

Ердоған, сондай-ақ ,алдағы уақытта «Қырым татар түріктерінің құқықтарын нығайту үшін қосымша қадамдар жасалатынына» үміт білдірді.

Ердоған Қырым Украина

Тақырыпқа жаңалықтар