Әлем4 желтоқсан 2023, 8:00

Эстония кез келген уақытта Ресеймен шекарасын жаба алады

Эстония кез келген уақытта Ресеймен шекарасын жаба алады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Эстония шекара қызметінің басшысы Ева Кальмус ел тұрғындарына Ресейге бармауды ескертті.

Ол егер Таллин Хельсинкиден үлгі алып, Ресей Федерациясымен шекараны жабу туралы шешім қабылдаса, бұл бір сағаттың ішінде болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Ресейге бармауыңызды сұраймыз. Ресей Федерациясына барғандар қайтып оралу өте қиын болып, тығырыққа тірелуі мүмкін", - деді Кальмус.

Эстония Ресей шекара

Тақырыпқа жаңалықтар