Әлем4 желтоқсан 2023, 13:00

Эстония премьер-министрі халықаралық трибунал құруға шақырды

Эстония премьер-министрі Кая Каллас Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті соғысына кінәлілерді жазалау үшін халықаралық трибунал құруға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ол Гамбургте өткен беделді неміс Марион Дёнхофф сыйлығын тапсыру кезінде айтты.

«Агрессивті соғыс - барлық қылмыстардың анасы», - деді премьер-министр.

Калласқа «күшті және демократиялық Еуропа құруға қосқан үлесі үшін» сыйлық берілді», - деп түсіндірді қазылар алқасы.

Оған қоса, сыйлық Ирандағы әйелдер құқығы үшін күресетін Hawar.help e.V. құқық қорғау ұйымына да берілді.

Кая Каллас халықаралық трибунал Ресей Соғыс
18 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар