Еуропалық кеңес президенті Чарльз Мишель Путинді сайлаудағы жеңісімен "құттықтады"
Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишель Путинді сайлаудағы жеңісімен "құттықтады". "Мен Владимир Путинді бүгін басталатын сайлаудағы жеңісімен құттықтағым келеді. Оппозиция жоқ. Бостандық жоқ. Таңдау жоқ", - деп жазды Мишель Ресейдегі президенттік сайлау туралы жазбасында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW телеграм арнасы жариялады.
Еуроодақ пен НАТО-ның басқа саясаткерлері де Ресейдегі өтіп жатқан президенттік сайлауға сенімсіздік танытты.
Еуроодақ төрағасының орынбасары Жозеп Боррелдің баспасөз хатшысы қазіргі Ресейде еркін, әділ және демократиялық дауыс беруді елестету қиын екенін айтты.
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг: "Ресейдегі сайлау еркін әрі әділ болмайды. Оппозициялық саясаткерлердің қамауда жатқанын, басқалары өлтірілгенін, көбі қуғында жүргенін білеміз" деді.
Естеріңізге сала кетейік, президент сайлауы бүгін басталып, 17 наурызға дейін жалғасады.
Сайлауға бірде-бір оппозиция немесе соғысқа қарсы үміткер қатысуға рұқсат етілмейді, деп жазады DW.