ФБР: Гольф клубындағы оқиға Трамптың өміріне жасалған қастандық болуы мүмкін
Фото: Marco Bello/REUTERS
REUTERS
Әлем17 қыркүйек 2024, 14:34

ФБР: Гольф клубындағы оқиға Трамптың өміріне жасалған қастандық болуы мүмкін

Гольф клубындағы атыс Республикалық партиядан президенттікке кандидатқа қастандық жасаудың кезекті әрекеті болуы мүмкін деп есептейді ФБР. Департамент өкілі оқиғаны тергеу үшін «барлық ресурс» жұмылдырылып жатқанын айтты. Палм-Бич округінің шерифі Рик Брэдшоу журналистерге оқиғаға күдіктінің тұтқындалу кезінде қарусыз және «тыныш» болғанын айтты. Ер адам қастандық жасау әрекетіне қатысы бар екені туралы ешқандай мәлімдеме жасамаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Брэдшоудың айтуынша, күдікті жасырынған бұталардан АК-47 автоматы, GoPro камерасы және керамикалық плиткалар салынған екі рюкзак табылды.

Дональд Трамптың өзі сайлауалды кампаниясының донорларына хат жолдап, жақтастарын оның сау және қауіпсіз екеніне сендірді.

"Жанымнан атылған оқ дауысы естілді, бірақ қауесеттер бақылаудан кетпей тұрып, алдымен мынаны естігеніңізді қалаймын: мен аман-есенмін. Маған ештеңе кедергі болмайды. Мен ешқашан берілмеймін. Мен сендердің қолдауларың үшін бәріңді жақсы көрем», - деп жазды ол.

Гольф клубы Атыс трамп Мәлімдеме

Тақырыпқа жаңалықтар