Франция Украина қарулы күштерінің 4500 сарбазын оқытады
Франция Украина қарулы күштерінің 4500 сарбазына тең келетін тұтас бір бригадасын оқытып, жарақтандыруды көздеп отыр, деп мәлімдеді Эмманюэль Макрон, - деп хабарлайды Arbat.media.
Француз президенті өз аумағында украиндық сарбаздарды оқытуды шиеленіске себеп деп санамайтынын айтты.
«Бұл Украинаның заңды өтініші және біз Ресеймен соғыспаймыз, бірақ біз тек Украинаны толығымен қолдаймыз. Франция, сондай-ақ, жақын арада Украинаға әскери нұсқаушылар жіберу үшін коалиция құруды аяқтауды көздеп отыр», деді Макрон.
Ол, сондай-ақ, Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуы бойынша келіссөздерді айдың соңына дейін бастағысы келетінін және Париждің Украина инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін бюджеті 200 миллион еуро болатын арнайы қор құратынын хабарлады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: