Францияда туристік ұшақ апатынан 11 адам көз жұмды
Францияның Нанси қаласына жақын орналасқан Томблен елді мекені маңында жеңіл туристік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 11 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақта бір ұшқыш, бес парашютпен секіру нұсқаушысы және алғашқы тандемдік секіруге дайындалған бес жолаушы болған.
L'Est Républicain басылымының жазуынша, қаза тапқандардың бесеуі медицина саласының қызметкерлері болған.
Оқиға жексенбі күні түстен кейін болған. Апаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ.
Оқиға орнына құтқару қызметтері, медицина мамандары және бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: