Францияның спорт министрі Сена өзенінде жүзіп шықты
Францияның спорт министрі Олимпиада қарсаңында судың сапасын тексеру үшін Сена өзенінде жүзіп шықты. Амели Удеа-Кастера - Александр III көпірінен Мүгедектер көпіріне дейін жүзіп өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Онымен бірге француз паратриатлоншысы Алексис Анкинквант та болды.
«Уәде орындалды», - деп жазды Удеа-Кастера жүзуден кейін X әлеуметтік желісіне.
Бұған дейін триатлон мен жүзуден жарыстар өткізу жоспарланған Сенада қауіпті бактериялардың жоғары концентрациясы анықталған болатын.
Билік суды тазартуға шамамен 1,4 миллиард еуро жұмсады.
Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах - Удеа-Кастерден үлгі алуға, сонымен бірге өзенге түсуге дайын екендігін мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: