FT: "Охматдетке" тиген зымыран құрамында батыс саймандары болған
FT Украинадағы дереккөздерге сілтеме жасап, Ресей қарулы күштерінің Х-101 зымыраны АҚШ пен Швейцариядан 16 құрамдас бөлікті пайдаланғанын айтады. Украина тарапы Ресей армиясы қаңтарда қолданған ұқсас зымыран сынықтарын зерттегеннен кейін осындай қорытындыға келген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Financial Times хабарында зымыранның құрамдас бөліктері негізінен азаматтық мақсатта пайдалануға арналған және олардың кейбіреулері әбден ескірген.
Ресейлік құжаттамада қосалқы бөлшектердің Азия елдерінде шығарылғаны көрсетілген.
Украина президентінің кеңсесінің FT-ке берген талдауына сәйкес, зымыранда Ресей Федерациясынан тыс жерде жасалған 50-ден астам түрлі бөлшектер болуы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: