Әлем22 мамыр 2024, 14:34

Ғалам ғажаптары: Илонның екінші чипі

Илон Маск тағы бір адамды чип­тегісі келді. «Neuralink» стартапы чипке тағы бір үміткер іздей бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Енді чиптелген ерікті смартфон мен компьютерді ой күшімен басқара алатын «Телепатия» кибернетикалық ми имплантын алады. Илон Маск бірінші чиптелген адам 29 жастағы Нолан Арбо өзін жақсы сезінетінін айтты.

Мамыр айының ортасында «Reuters» дереккөздері «Neuralink» науқасының миынан шығатын имплант контактілері мәселесімен ұзақ уақыт бойы күресіп келе жатқанын хабарлаған болатын. Осындай мәселеге бірінші чиптелген адам да тап болған еді. Екінші чиптелген адамда ондай мәселе болмас үшін біршама өзгеріс енгізіледі деді олар.

 

Илон Маск екінші чип

Тақырыпқа жаңалықтар