Әлем10 мамыр 2024, 17:23

Герфрид Мюнклер: Германия Украинаны жеткіліксіз қарумен әдейі қамтамасыз етеді

Германия Украинаны әдейі жеткіліксіз қарумен қамтамасыз етеді - н дейді неміс профессоры. Берлиндегі Гумбольдт университетінің саясаттану профессоры Герфрид Мюнклер ZDF телеарнасындағы ток-шоуда осындай баға берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Украиналықтар шегінбеуі және өз позицияларын ұстай алуы үшін бізге көп қару қажет. Ал біз сізге белгілі бір қару-жарақ береміз дедік, бірақ оны Ресейге қарсы қолдануға болмайды! Біз украиндықтардың мүмкіндіктерін түбегейлі асимметриялы етіп жасадық. Бір қолын арқасына байладық. Біз Ресейге қарсы санкция арқылы соғысып жатырмыз, оның мақсаты – орыстар көтерген қылыш олардың қолынан түсіп қалуын қамтамасыз ету. Бірақ бұл болмайды! Сондықтан қазір Украинаның қорғаныс қабілетін арттыру қажет. Путин мынадай қорытындыға келеді: мен бұл соғысты тағы 3-4 жыл жүргізсем де, мен оны жеңе алмаймын, мақсатыма жете алмаймын. Егер Путин тағы 3-4 жыл соғысу керек болса, қаржылық және экономикалық қиындықтарға тап болады. Бұның бар мәні де осында», - деді профессор.

Герфрид Мюнклер Германия Украинаға көмек жеткліксіз қару

Тақырыпқа жаңалықтар