Грекияда 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынады
Тиісті заң жобасы парламенттің қарауына осы жазда ұсынылады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Құжат қабылданған жағдайда, кәмелетке толмағандарға мессенджерлерді қолдануға келесі жылдан бастап тыйым салынбақ.
Бұған дейін ел билігі мектептерде ұялы телефон қолдануға шектеу енгізіп, ата-аналық бақылау платформаларын іске қосқан.
Айта кетейік, бұған ұқсас шектеуді алғаш болып Аустралия енгізген. Бүгінде Ұлыбритания мен Франция да осындай заң жобаларын қарастырып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: