Placeholder Иран көсемі түрмеде отырған 40 шетелдікке рақымшылық жасады
Фото: IRNA
IRNA
Әлем24 қыркүйек 2024, 11:23

Иран көсемі түрмеде отырған 40 шетелдікке рақымшылық жасады

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хоменеи елдің сот билігі басшысының ұсынысы бойынша 2 887 тұтқынға рақымшылық жасап, олардың жазасын қысқартуға келісті.  Сот жүйесі басшысының орынбасары Садық Рахимидің айтуынша, кешірім жасалған және жеңілдетілген сотталғандардың 2745-і мемлекеттік және революциялық соттар, 11-і қарулы күштердің сот жүйесі және 131-і Иранның жазалар басқармасы тарапынан бас бостандығынан айырылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ, өлім жазасына кесілген 59 адамның үкімі бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілді, деп хабарлайды IRNA.

Рақымшылыққа ілінгендердің ішінде 140 әйел, 40 шетел азаматы, қауіпсіздік қылмысы үшін сотталған 39 және 18 жасқа толмаған 6 азамат бар.

Иран конституциясына сәйкес, елдің жоғарғы басшысы сот үкіметі басшысының ұсынысы бойынша тұтқындарға кешірім жасау немесе жазасын жеңілдету құзіретіне ие.

Барлық мемлекеттік мәселелерде соңғы сөзді айтатын Хаменеи әдетте белгілі бір мерекелерде тұтқындарды кешіреді.

Бұл жолғы рақымшылық туралы шешім 21 қыркүйек — Мәулидун Нәби күніне орай шығарылды.

Иран көсемі Рақымшылық түрме

Тақырыпқа жаңалықтар