ӘлемБүгін, 18:14

Иран мен АҚШ бір-біріне шабуыл жасамауға уағдаласты

Тараптар Қатарда өтетін келіссөзге дейін бір-біріне соққы бермеуге тағы да уағдаласты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кездесу 30 маусымға белгіленіп отыр. Бұл туралы 28 маусымда Axios басылымы Вашингтондағы дереккөзге сілтеме жасап жазды.

Жүздесу барысында Ормуз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасын қайта жандандыру мәселесі талқыланбақ. Бүгінгі таңда бұғаз ішінара ғана ашық. Иран барлық кеме жүру бағытын елдің әскери басшылығымен алдын ала келісуі тиіс деп отыр. Тегеран Батыс елдеріне Ормуз бұғазын толықтай миналардан тазартуға рұқсат берген жоқ.

Жарияланған бітімге қарамастан, 26-27 маусым күндері АҚШ пен Иран өзара шабуыл алмасты. Иран Ормуз бұғазы арқылы өткен екі коммерциялық кемеге шабуыл жасаса, АҚШ Иранның жағалаудағы бірнеше әскери нысанына соққы берді. Кейін Тегеран Кувейт пен Бахрейндегі америкалық әскери базаларды атқылады.

Иран АҚШ Соғыс Келісім
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар