Әлем21 желтоқсан 2023, 13:34

Иранда 15 жасында зорлаушыға тұрмысқа шыққан қыз өлім жазасына кесілді

Иранда 15 жасында зорлаушыға тұрмысқа шыққан қыз өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Иран тұрғыны Самира Сабсиан 12 жасында босанған. Оны кәмелетке толған ер адам зорлап, кейін күштеп күйеуге берген көрінеді. Үйлену тойы кезінде ол 15 жаста болған. Некеде күн сайын жыныстық зорлық-зомбылық жалғаса берген.Сөйтіп Самира екінші баласын дүниеге әкелді. Самира 19 жасқа толғанда күйеуін өлтіруге мәжбүр болған.

Күйеуінің ата-анасы келініне өлім жазасын кесуді талап еткен. Сот шариғат заңының «қисас» («өтеу») ережесі бойынша әйелді өлім жазасына кесті. Осыдан кейін ол тағы 10 жыл түрмеде отырды. Осы уақыт бойы ол балаларын көре алмады.

Оларды анасына өлім алдында қоштасу үшін жақында ғана әкелген.

Егер күйеуінің әке-шешесі келінін кешірсе, ол өлім жазасына кесілмеуі мүмкін еді.

Бірақ ата-енесі оған кешірім бермеді.

Иран өлім жазасы Самира Сабсиан Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар