Әлем11 мамыр 2024, 23:29

ISW: Ресейдің Харьковты басып алу мүмкіндігі өте аз

Америкалық соғысты зерттеу институты Ресейдің Харьков облысының солтүстігіндегі шабуылы Украинаның шығысындағы басқа да маңызды майдан шебінен украин әскерлері мен техникасын шығаруға бағытталған деп санайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сарапшылардың пікірінше, Ресей армиясының тағы бір мақсаты - украиналық күштерді Белгород облысымен шекарадан ығыстырып, Харьковты зеңбірек артиллериясынан атуға болатын қашықтыққа дейін ілгерілету.

ISW мәліметтері бойынша, Ресейдің жақын күндері шабуылдау операциясын күшейту мүмкіндігі жоғары.

«Бірақ ресейлік әскерлердің қазіргі әрекеттері олардың Харьковты қоршауға алу және басып алу үшін ауқымды шабуылдар жасайтынын көрсетпейді», - деп есептейді ISW.

Оның үстіне сарапшылар Ресей әскерлерінің Харьковты алуға әрекеттенсе де қиын болатынына сенімді.

Себебі, Харьковты басып алу әрекеті ашық жерде ұзақ маневрлерді қажет етеді және Ресей әскерлері Украинаға жаппай басып кірген кезден бері ешқашан әрекет етпеген ауқымда әрекет етпеген, - деп жазады ISW.

Америкалық соғысты зерттеу институты Харьков Ресей армиясы

Тақырыпқа жаңалықтар