Әлем9 маусым 2024, 0:49

Израиль әскерилері ХАМАС лаңкестері тұтқындаған төрт адамды босатып алды

Израиль әскерилері ХАМАС лаңкестері тұтқындаған төрт адамды болсатын алды. Израиль армиясы, барлау және полиция бөлімшесі Ямам жүргізген операция нәтижесінде кепілге алынған төрт израильдіктің босатылғанын жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ноа Аргамани (25), Альмог Мейр (21), Андрей Козлов (27) және Шломи Зив (40) 7 қазанда Газа секторында Хамас тарапынан ұрланған болатын.

Кепілге алынғандар Нусейраттың орталығындағы екі түрлі жерде босатылды.

Олардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланып, одан әрі тексеру үшін медициналық орталыққа жіберілді.

Израиль ХАМАС тұтқыннан босату

Тақырыпқа жаңалықтар