Әлем8 ақпан 2024, 15:13

Израиль премьер-министрі ХАМАС-тың бітімгершілік ұсынысын қабылдамады

Биньямин Нетаньяху лаңкестік топтың бұл ұсынысын «есуастық» деп атады. Бұл жоспар Газа секторында үш кезеңде – әрбір 45 күн сайын – атысты тоқтатуды көздейді, осы уақыт ішінде барлық кепілге алынғандар босатылып, Израиль өз әскерін аймақтан шығаруы керек, - деп хабарлайды Arbat.media.

Нетаньяху бірнеше ай ішінде ХАМАС-ты жеңетініне сенімді екенін айтып, Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына шабуыл жасауға бұйрық берді. Израиль премьер-министрінің реакциясына жауап ретінде Хамас палестиналық әскерилерді соғысты жалғастыруға шақырды.

Қазір Таяу Шығыста сапарда жүрген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктерді көріп отырғанын айтты. Сонымен бірге Блинкен ХАМАС ұсынысында нақты нені меңзеп тұрғанын нақтыламаса да, кемшіліктер бар екенін атап өтті. Палестиналық Хамас делегациясы осы аптада Каирде Мысыр және Катармен атысты тоқтату келіссөздерін жалғастырады.

Биньямин Нетаньяху ХАМАС бітімгершілік Ұсыныс

Тақырыпқа жаңалықтар