Әлем6 маусым 2024, 17:00

Израиль Хезболлаға жаппай шабуыл жасамақ

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливанда орналасқан «Хезболла» тобының атқылауынан кейін қатты орман өрттері басталған елдің солтүстігіне келді. Нетаньяху Израильдің «солтүстікте өте күшті әрекеттерге» дайын екенін атап: «Кім бізге бірдеңе істейін дегенде, біз қол қусырып отырады десе, онда қатты қателеседі» деді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Израиль армиясының генерал-лейтенанты Герци Халеви де Хезболланың елдің солтүстігіндегі күнделікті дерлік шабуылдары мәселесін шешетінін растады.

«Біз сегіз ай бойы жауап беріп жатырмыз және Хизболла бұның өз бағасын төлеп жатыр. Ол соңғы күндері күшін арттырды және біз өте жақсы дайындықтан кейін солтүстікке шабуыл жасауға дайынбыз», - деп қосты Халеви.

Израиль үкіметі де солтүстігінде IDF операциясына дайындалуда: бүгін ол Израиль қарулы күштеріне жұмылдырылған резервшілер санын 300-ден 350 мың адамға дейін арттыруға рұқсат берді.

CNN арнасының хабарлауынша, АҚШ шенеуніктері Израильдің Хезболлаға құрлықтағы шабуылы жақын және «жазда басталуы мүмкін» деп алаңдайды. Бұл ақпаратты ливандық ақпарат көздері де растап отыр.

«Израиль Ливанда үлкен соғысты қаламайды. Израильдің қатал соққылары әрқашан Хезболланың күшеюіне реакция болып табылады. Сірә, ИМ-нің Хизболлаға жауабы Рафахқа емес, жалпы Газа секторындағы жалғасып жатқан қақтығысқа және Израильдің екі майданда үлкен соғысты болдырмауға деген ұмтылысына байланысты болуы мүмкін», - дейді америкалық "Демократияны қорғау" қорының сарапшысы Сет Францман BILD басылымына берген сұхбатында.

Хезболла Израиль Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар