Әлем29 желтоқсан 2023, 11:00

Колумбияда Шакираға 6 метрлік ескерткіш орнатылды

Колумбиялық әнші Шакираға арнап өзі туған Барранкилья қаласында жағажайға ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Euronews  жариялады.  

Салтанатты рәсімге әлемге танымал поп-жұлдыздың ата-анасы қатысты.

6 метрлік қола «Шакираны» жасаған сәулетші Йино Маркес оның 2005 жылы Hips Don’t Lie («Мықын өтірік айтпайды») әніне түсірілген бейнеклипіндегі биін көрсеткен.

Қала мэрі Хайме Пумарехо ескерткіштің ашылуында сөз сөйлеп, Шакираға Кариб өңірінің бүкіл қыз-келіншектеріне шабыт көзі болып жүре бер деп тілек айтты.

Колумбия Шакира Ескерткіш

Тақырыпқа жаңалықтар