Әлем29 қараша 2023, 13:00

"Контузия" $50 мың: Ресей армиясында парақорлық кең таралған

"Новая газета Европа" мәлімдеуінше, Ресей армиясы «жараларды» сатып алады, жалған контузия 50 мың долларға дейін жетеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Журналистер Украинада соғысып жатқан ресейлік бөлімшелерде өзіне «жарақат» сатып алу, демалыс алу немесе шабуылдарға қатыспау мүмкіндігін беру үшін пара беру жүйесі бар екенін анықтады.

"Шторм Z" бөлімшесінің сарбазының анасы басылымға ұлының «көп миллиондаған параның» арқасында бөлімшесі ұрыстарға қатыспайтынын айтқан хабарламаларын берді.
 
Бұл ақпарат осы шабуыл топтары туралы өткен ақпарат құралдарының хабарларына сәйкес келмейді.

Мысалы, қазан айында Reuters "Шторм Z" орасан зор шығынға ұшырап жатқанын және тәртіп бұзушыларды ол жерге түзеу бөлімшесі ретінде жіберілетінін жазған.
 
Мотоатқыштар бөлімшелерінің ресейлік офицері «Новая газета Europe» басылымына берген сұхбатында "Шторм Z" туралы ақпаратқа түсініктеме бермегенімен, Украинада соғысып жатқан ресейлік бөлімшелерде жалпы парақорлық кең таралғанын растады.
 
Оның айтуынша, «жараланып», ауруханаға жатқызу 10 мың доллардан 50 мың долларға дейін, ал демалысқа шығу 5-10 мың доллар тұрады.

Майданның бір секторынан екіншісіне ауысу немесе ерте ротация 500-ден 3 мың долларға дейін тұрады, деп хабарлайды "Новая газета Европаға" ақпарат көзі.

Ресей армиясы соғыстан жалтару Пара беру әскерден қашу

Тақырыпқа жаңалықтар