ӘлемКеше, 11:18

“Күдікті — әкесі”: Әкесімен кездесуге барған 3 қыз өлі күйде табылды

Вашингтон штатында орын алған жантүршігерлік оқиға бүкіл АҚШ қоғамын дүр сілкіндірді, деп хабарлайды Arbat.Media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

5, 8 және 9 жастағы үш кішкентай қыз 30 мамыр күні жоғалып кеткеннен кейін өлі күйінде табылды. Олар сол күні үй-күйсіз жүрген әкесімен кездесуге шыққан.

Қыздардың денесі әкелері тұрып жатқан фургонның маңынан табылған. Бұл көлік Сиэтл қаласынан шамамен үш сағаттық қашықтықта орналасқан.

Полиция мәлімдемесінде қыздардың әкесі, Трэвис Деккер, бірінші дәрежелі үш адам өлтіру және бірінші дәрежелі ұрлау баптары бойынша күдікті деп танылып, оған іздеу жарияланғаны айтылды.

Тергеу деректеріне сәйкес, Трэвис Деккер – қоғам үшін аса қауіпті адам. Ол АҚШ қарулы күштерінің бұрынғы әскери қызметкері, жақсы дене дайындығына ие, бұл оны ұстауды құқық қорғау органдары үшін қиындатады.

Күдіктінің бұрынғы әйелі полицияға берген түсініктемесінде, Деккер психикалық ауытқулармен ауыратынын және соңғы уақытта дәрі қабылдауды, психологиялық терапияны тоқтатқанын айтқан. Бұл факторлар қасіретті оқиғаның себебі болуы мүмкін.

Ақпарат Адам қыз Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар