5 маусымға арналған ауа райы болжамы

Мамандар 5 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі.

Астанада күн бұлтты. Найзағай ойнап, жауын жауады. Ауа температурасы +23+25°С, желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с-ге жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +31+33°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +37+39°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Ауа райы Ақпарат бүгін 5 маусым

Тақырыпқа жаңалықтар