Әлем1 сәуір 2024, 16:00

Линднер: Украинаны қолдаудан шаршағандар Еуропа келетін қатерді ойлау керек

Германияның қаржы министрі Линднердің мәлімдеуінше, Украинаны қолдаудан шаршағандар Еуропаға кеелетін зардапты ойлауы керек, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Біздің тыныштығымыз бен бостандығымызға қауіп төніп тұр. Путин тек Украинаға алаңдамайды, ол әлемдік тәртіп пен Еуропадағы еркіндік құрылымын өзгерткісі келеді", - деді Германияның қаржы министрі Kölner Stadt-Anzeiger газетіне берген сұхбатында.

"Путин Еуропадағы өмір сүру салты мен азаматтық бостандықтарды бақылауды қалайды. Ал Украинаны қолдауды жалықтырып жіберді немесе тым қымбат деп санайтындар осыған ұқсас салдарды ескеруі керек".

Кристиан Линднер кейбір саясаткерлер ұсынған «соғысты тоқтату» идеясына қарсы.

"Біз Украинаның тұтас мемлекет ретінде өмір сүруі туралы айтып отырмыз. Ал ондағы адамдарға бұл көбінесе аман қалу туралы. Мұндай жағдайды тоқтата тұру мүмкін емес", - деді ол.

Линднер Украинаға көмек Мәлімдеме қолдау
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар