Литвиненконың жесірі Батысты сөзден іске көшуге шақырды
Литвиненконың жесірі Марина Литвиненко Батысты сөзден іске көшуге шақырып, Алексей Навальныйдың өліміне өз ойын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
ФСБ-ның бұрынғы офицері Александр Литвиненконы (1962-2006) Ресей агенттерінің өлтіруі Батыс елдерінде шу тудырған. Ол Владимир Путиннің алғашқы қарсыластарының бірі болды.
Марина Литвиненко 2021 жылы Джо Байден егер Навальный түрмеде өлсе, Мәскеуге «жойқын зардаптар болады» деп уәде еткенін еске салды.
Мен жай сөз емес, оның нені білдіретінін көргім келеді. Бұл өте маңызды. Құр сөзден нақты іс-әрекетке көшу керек. Ресейлік оппозицияға Путин режимімен күресуге көмектесудің жалғыз жолы — Украинаны қолдау, деді марина Литвиненко "Франс Пресс" агенттігіне.
Оның айтуынша, Украина қарулы күштерінің жеңісі ғана Ресей халқының өзгеріске ұмтылуына мүмкіндік береді.