Placeholder
Фото: REUTERS/Arlette Bashizi
REUTERS
Әлем17 тамыз 2024, 9:00

Маймыл шешегі вирусы Пәкістанда да анықталды

Пәкістанда да маймыл шешек ауруы анықталған. Елдің Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы жергілікті денсаулық сақтау қызметі науқастарда анықталған үш жағдай туралы есеп бере отырып, олардың шетелден келгенін айтты. Барлық науқастар карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «The Times of India» хабарлады.

Пәкістанда Біріккен Араб Әмірліктерінен келген 34 жастағы ер адамда маймыл шешегі вирусы анықталған. Ағымдағы жылдың 3 тамызында Пешавар қаласына барып, сол күні ауырып, науқас дереу ауруханаға жеткізілген.

Хайбер-Пахтунхва денсаулық сақтау қызметінің бас директоры Салим Хан науқастардың екеуі маймыл шешегі (М-pox) вирусын жұқтырғанын растады. Үшінші науқас толықтай тексерілуі үшін ел астанасы Исламабадтағы Ұлттық денсаулық институтына жіберілді.

Ақпарат үшін, вирустың алғашқы белгілері 5-21 күнде пайда болады. Ол әдетте жоғары температураны, бас ауруын, арқа мен бұлшықеттердің ауырсынуын, лимфа түйіндерінің ісінуін, шаршауды, қалтырауды және сушешек тәрізді тері бөртпелерін тудырады. Арнайы емі жоқ, бірақ ауру вирусқа қарсы препараттармен емделеді. Көп жағдайда ауру жеңіл өтеді және науқастар бірнеше апта ішінде қалпына келеді.

Еске саламыз, бұған дейін ДДҰ маймыл шешек вирусына байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялағанын жазған едік.

Маймыл шешегі алғаш рет Африкадан тыс мемлекетте тіркелді.

маймыл шешегі Пәкістан

Тақырыпқа жаңалықтар