ӘлемБүгін, 11:21

Мароккода үй құлап, 22 адам қаза тапты

Марокконың ежелгі Фес қаласында екі ғимараттың құлауынан кемінде 22 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қираған үйлердің бірі бос тұрған, ал екіншісінде жаңа туған нәрестеге арналған дәстүрлі мереке өтіп жатқан.

Полицияның мәліметінше, құлаған төрт қабатты ғимараттардың бірінде сегіз отбасы өмір сүрген.

Мароккода мұндай ірі апат соңғы рет 2010 жылы Мекнес қаласында тіркелген. Минарет құлап, 41 адам қаза тапқан.

Марокко ел ғимарат қирау

Тақырыпқа жаңалықтар