Әлем28 сәуір 2024, 14:00

Мәскеуде Reuters продюсері Константин Габов қамауға алынды

Мәскеуде Reuters агенттігінің продюсері Константин Габов қамауға алынды. Оған «экстремистік қоғамдастыққа қатысты» деген айып тағылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеушілердің айтуынша, Габов YouTube-тегі Навальный Live арнасы үшін фото және бейне материалдар дайындап жүрген.

Бұл үшін журналист екі жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ТАСС Константин Габовты «Рейтерстің бұрынғы продюсері» деп атады.

2019 жылдан 2020 жылға дейін Габов Мәскеуде DW тілшісі болып жұмыс істеді.

Мәскеу Reuters продюсері Қамау Константин Габов

Тақырыпқа жаңалықтар