Мектеп автобусы жарылып, оқушылар тірідей жанып кетті
Пәкістанда мектеп автобусы жарылып, төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Лаңкес Пәкістандағы мектеп автобусын жарып жіберіп, төрт баланың өмірін қиды.
Шабуыл елдің оңтүстік-батысында, Белуджистан провинциясында болды. Автобус балаларды қалалық мектепке апарған. Жарылыс салдарынан төрт бала қайтыс болды, 38-і зардап шекті.
"Бірде-бір топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ, дегенмен күдіктер аймақтағы қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарға жиі шабуыл жасайтын этникалық сепаратист – балучтарға түсуі мүмкін", - деп атап өтті жергілікті басылым.
Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви шабуылдаушыларды айыптап, балалардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: