Әлем22 сәуір 2024, 12:00

Молдова олигархы Шор Мәскеуде ресейшіл «Победа» блогын құрды

Молдовада банк алаяқтығы үшін сырттай 15 жылға бас бостандығынан айырылған Илан Шор Мәскеуде өзімен байланысы бар Молдова партияларының басшыларымен кездесу өткізіп, «Победа» саяси блогын құрғанын жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ресей баспасөзі үшін бұл шара «Кишиневтің ЕАЭО-ға қосылуын қолдайтын Молдова саясаткерлерінің съезі» деп аталды, ал өзінің әлеуметтік желілерінде Илан Шор кездесуді «Молдова оппозициясының бірігуі» деп сипаттады.

Іс-шара Николай Басков пен Филипп Киркоровтың өнер көрсетуімен аяқталды.

Молдованың Инфрақұрылым және өңірлік даму министрі Андрей Спину жаңа оппозициялық бірлестікті «Победа» ұйымдасқан қылмыстық блок» деп атады, ал оның құрылтайшыларын «бүкіл ел көрген» «ұлт сатқындары» деп атады.

блок Победа Илан Шор Мәскеу партия

Тақырыпқа жаңалықтар