НАТО ауқымды жаттығуларын Ресей шабуылы жағдайында өткізеді
НАТО қырғи-қабақ соғыстан бергі ең ауқымды жаттығуларын Ресей шабуылы жағдайында өткізеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы бүгін Брюссельде НАТО елдері әскери басшылығының кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды DPA неміс ақпарат агенттігі.
Жаттығу ақпан айында басталып, оған 90 000-ға жуық сарбаз қатысады.
Жаттығу Steadfast Defender деп аталады.
Халықаралық құрлық күштерін жауынгерлік әзірлікке келтіру және орналастыру тәжірибеден өтеді.
Сценарий Ресейдің альянстың одақтастарының біріне шабуылын тұспалдайды, бұл НАТО шартының 5-бабын іске қосады.
Бұндай ауқымды жаттығу соңғы рет 1988 жылы өткізілген. Оған 125 мың адам қатысыпты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: